Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбеде көпбалалы отбасы оқушыларына пайдасы жоқ көмек берілді

11 Қыркүйек 2014, 12:15
0
©"Экспресс К"
©"Экспресс К"

Ақтөбеде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде көпбалалы отбасыға еш пайдасы жоқ көмек берілген. Бұл отбасы балаларының денесіне сай емес киім-кешек пен қолайсыз портфельдер берілді, - деп жазады "Экспресс К" газеті. 

Ақтөбеде Мусиндер жанұясы алғаш болып ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды патронаттық тәрбиеге алған. Енді олар биыл төрт баланы мектепке жіберіп отыр. Өткен жылдағы секілді ол отбасыға биыл да көмек берілген. Алайда бұл көмекке қол жеткізудің өзі оңай болмаған. Балалардың анасы Светлана Мусинаның айтуынша, "Өткен жылы Сережаға мектеп портфелі берілген. Тіпті оның өзі қызғылт түсті болғанымен қоймай, тым кішкентай болды. Оған оқулықтар сыймайды. Ол осыған өкпелеп, тіпті жылап жіберді. Ал бұл жылы Александрға көгілдір сөмке берілді", -дейді ол. 

Бұл жанұяда кітап алу жеңілдігіне тек екі бала ғана қол жеткізген. Ал қалғандарына жанұяның өзі сатып алып беруі тиіс. "Қалалық білім бөлімі біздің балаларымыз материалдық көмекті толық көлемде алды деп қағаз берді. Бірақ қане олар, оқулықтар қайда, дәптерлер қайда? Біз оны көрген жоқпыз", - дейді Мусина.  

Балаларға берілген спорттық киім мен аяқкиімдер де оларға тым үлкен болып шыққан. "Бізге қоңырау шалып, балалардың киімі мен аяқкиімдерінің өлшемін сұраған. Біз оның барлығын тура айтып бергенбіз. Бірақ Сережа олардың берген спорттық киімін киген кезде, оның тым үлкен екеніне көз жеткіздік. Ал денешынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалім әдейі көлемі үлкен спорттық киім алдым деп отыр", - дейді Мусина. Енді отбасындағы қалған балалар бұл киімді ол әскерден келгеннен кейін киетін болды деп қалжыңдап отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай