31 мамыр 2022 06:46

Ақтөбеде лаңкестік әрекетте қаза тапқан сарбаздың әкесіне көлік сыйға тартылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Ұлттық ұланның Жоғарғы қолбасшылығы 2016 жылы маусымда Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімде болған қарулы лаңкестік әрекетті тойтару кезінде ерлікпен қаза тапқан әскери қызметші Досбол Сапардың әкесіне куәлік пен көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайтыс болған жауынгердің әкесіне бағалы сыйлық беру туралы бастаманы Ресей Федерациясының дзюдо ардагерлерінің ұлттық одағы көтерген.

Бұл идеяны ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақанов қолдаған.

Көлік кілтін тапсыру рәсімінде Ботақанов қылмыскерлердің шабуылына тойтарыс беруде ерлік көрсеткен ұл тәрбиелеген батырдың әкесіне алғысын білдірді.

"Ол Қазақстан азаматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өмірін қиды", - деді бас қолбасшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети