15 маусым 2016 13:09

Ақтөбедегі атыс кезінде жарақат алған лаңкестер абақты ауруханасына жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған лаңкестер абақты ауруханасына жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соңғы лаңкес екі күн бұрын жазылған екен.


Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған лаңкестер абақты ауруханасына жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соңғы лаңкес екі күн бұрын жазылған екен.

Сонымен қатар, жедел медициналық көмек ауруханасында бір тұрғын, 2 әскери қызметші және күзет фирмасы қызметкерінің ем алып жатқаны белгілі болды. Тағы бір жәбірленуші облыстық көпсалалы ауруханада жатыр.


Әсет Қалиев. © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5-13 маусым аралығында қаладағы емдеу мекемелеріне 40 адам жеткізілген. Олардың төртеуі облыстық ауруханаға, 34 адам жедел медициналық көмек ауруханасына, екеуі теміржол ауруханасына жіберіліпті. Осы уақыт аралығында 17 адамға амбулаторлық ем қабылдауға кеңес берілген.

Еске салайық, 5 маусым күні Ақтөбеде қаруланған бір топ адам қару-жарақ сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуылдаған еді. Қалада антитеррорлық операция режимі жарияланды. Лаңкестердің шабуылы салдарынан 7 адам қаза тапты, олардың үшеуі - әскери қызметші. 18 қылмыскердің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети