14 маусым 2016 11:43

Ақтөбедегі терактіге 45 адам дайындалған - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі терактіге 45 адамның дайындалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі терактіге 45 адамның дайындалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олардың саны 45 болды, бұл анықталды. Бірақ олар жиһад жариялап, пәтерлерінен шыққанда 19 болған. Біз қазір барлығын анықтадық, жауап алып жатырмыз. Келісім берген 29 адам барды. Үш адам жарты жолдан қайтқан. Қару-жарақ дүкеніне жақындаған кезінде камерадан біз 25 адамды көрдік. Тағы біреуі қарсы шығып, кетіп қалды", - деп мәлімдеді Қасымов.

"Олар бір пәтерде жиналған. Біз сол пәтерді анықтап, қарадық. Олар сол пәтерде барлық ұялы телефонын тастап кеткен, себебі ешбірі туыстарына хабарласа алмауы тиіс болған", - деп атап өтті Қасымов.

"25 адам қылмысты жасады. Барлығы дүкенде 9 минут болды, төрт минуттан кейін күзет құрылымы келіп жетті. Күзетші дүкенге кіріп барған, оны сол орнында атып өлтірген. Үш минуттан кейін жасақ келіп, атысқан. Біздің полицейлер өздеріне 14 адамның дүкендегі қарудан оқ ататынын күтпеді", - деді ол.

Оның айтуынша, шабуылдаушылар екі топқа бөлінген - біреуі екінші дүкенге барған (6 адам), екінші дүкенде олар 8 минут болған, бірақ төрт минут өткенде жасақ келіп, атыста 3 қылмыскердің көзі жойылған, біреуі жарақат алып, тағы біреуі ұсталды, екеуі аулаға жасырынған, көлікті айдап әкетіп, кейін қала сыртында табылды. Қарсылық көрсету кезінде олардың да көзі жойылды.

"Қалған топ автобусты тоқтатып алып, әскери бөлімге барған. Қақпасын соғып кірген. Басты мақсаттары - қару-жарақ қоймасына кіріп, қару-жарақты алып кету. (...) Жауап алу кезінде олар басты мақсаттарының қару-жарақты алып, колонияларды, сосын мемлекеттік мекемелерді басып алу болғанын айтады. Бұл олардың негізгі мақсаты болған, біздің қызметкерлер тойтарыс беріп, сол мақсаттарына жетуге кедергі жасады - бұл біздікілердің жеткен жетістігі. Өкінішке қарай, әскери бөлімнің кіреберісінде тұрған әскерилердің қолында сүңгі-пышақ болған, сондықтан лайықты қарсылық көрсете алмады. Қылмыскерлер қару-жараққа, әскери техника тұрған қоймаға жақындағанда тойтарыс берілді. Олар мақсаттарына жете алмайтынын түсініп, қақпа арқылы территориядан шығып кетіп, автобусты тоқтатып, қала сыртына кеткен, арнайы қызмет сол жақта 7 қылмыскердің көзін жойып, біреуін ұстады. Екінші топ - бес адам блок-постқа шабуыл жасады, біреуі жарақат алып, екіншісі өлтірілді, үшеуі қашып кетті, оларды осы сенбі-жексенбіде ұстадық. Олардың бірі қарсылық көрсетіп, жарақат алды", - деді ол.

"Қазіргі уақытта біз қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз, барлық жағдайды қарап жатырмыз, қару-жарақ дүкендеріне де, қызмет атқару тәртібіне де, байланыстың өту тәртібіне де қойылатын сұрақтар бар, сондықтан осы мәселелерді анықтап, шара қолданамыз", - деді министр.

Лаңкестер тобы Ақтөбеде 5 маусымда екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі енгізілді. Олардың шабуылынан жалпы 7 адам қаза тапты. 18 лаңкестің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети