14 қараша 2018 15:10

Ақтөбелік КВН-шіні өлтіргендерге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Ақтөбе КВН құрамасының экс-ойыншысы Данияр Әлімбаевтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда Ақтөбе КВН құрамасының экс-ойыншысы Данияр Әлімбаевтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс бойынша үш айыпты бар. Олардың екеуі болған жағдай үшін өкінетінін сотта айтты.

"Сыздықов кісі өлімі үшін айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Төлегенов пен Шортанбаев "Бұзақылық" бабы бойынша айыпталып, екеуі де екі жылға сотталды", - деді Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсесіндегілер.

Сот айыпталушыларды марқұмның отбасына моральдық шығынды өтеуге міндеттеді.

Данияр Әлімбаевтың туыстары сот үкімімен келіспей, сотталушыларға бұдан да қатаң жаза тағайындалуы үшін барын салатындарын айтты.

Еске сала кетейік, оқиға 21 шілдеде түнгі уақытта Ақтаудағы мекемелердің бірінде болған. Данияр Әлімбаевтың аяғына біреулер пышақ салған. Дәрігерлер оны құтқара алмады. Жәбірленуші аураханада қайтыс болды. Данияр Әлімбаев отбасын Ақтауға көшіріп алмақ болған. Ол 23 шілдеде Ақтөбеде жерленді. Экс-КВН-шімен қоштасу рәсіміне жүзге жуық адам келді. Желіде оған жасалған шабуылдың видеосы пайда болды.

Данияр Әлімбаев - Ақтөбе КВН құрамасының экс-ойыншысы. Ол Сочиде өткен фестивальда Қазақстанның намысын қорғаған. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ВИДЕОДА ЗОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ БАР!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Почему такой беспредел ????

Публикация от Almaty Life ???? (@almaty.life)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети