17 маусым 2019 16:19

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтоты Райымқұлова. © primeminister.kz Ақтоты Райымқұлова. © primeminister.kz

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. 

Ақтоты Райымқұлова осы қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылғы 3 қазаннан бастап вице-министр болды. 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "композиция" және "фортепиано" мамандықтары бойынша, "композиция"мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады. Сонымен қатар "менеджмент" мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында оқыды. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар.

Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылғаны жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети