28 қараша 2023 09:45

Ақылы жолдарда қазақстандықтардан қанша миллиард жиналды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ақылы жолдардан 2023 жылы қанша қаржы түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ақылы жолдардан 2023 жылы қанша қаржы түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министрдің айтуынша, биылғы 11 айда төрт ақы төлеу учаскесінен түскен кіріс 27 миллиард теңге болған. Әңгіме республикалық маңызы бар Астана – Теміртау, Астана – Щучинск, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас автомобиль жолдарының учаскелері туралы болып отыр.

Жиналған қаражат жол және жол бойындағы инфрақұрылымды, сондай-ақ ақылы учаскелердегі бағдарламалық-аппараттық кешендерді күтіп ұстауға және қолдауға жұмсалды, деп хабарлады ведомство.

Министр ұсынған инфографикаға сәйкес, 2024 жылы елімізде тағы төрт ақылы учаске ашылады және қазақстандықтар ақылы жолдармен жүру үшін 35 миллиард теңге төлейді деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети