Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: сотта Zeekr жүргізушісінен жауап алу кейінге қалдырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: сотта Zeekr жүргізушісінен жауап алу кейінге қалдырылды Фото © Tengrinews.kz

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апаты бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыдан жауап алу жоспарланған болатын, алайда отырыс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апаты бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыдан жауап алу жоспарланған болатын, алайда отырыс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Күні кеше әл-Фарабидегі атышулы жол апатынан қаза тапқан Mercedes-Benz жүргізушісінің отбасы сотта өздерінің мүддесін қорғаған адвокаттардың қызметінен бас тартқаны белгілі болды. Бұл туралы заңгер Анна Чернова өзінің Instagram парақшасында жазды.

Бүгінгі отырыс барысында жәбірленуші тараптың жаңа адвокаты іс материалдарымен танысу қажеттігін алға тартып, істі қарауды кейінге қалдыруды сұрады. Прокурор мен қорғаушы тарап бұған қарсылық білдірген жоқ.

Сот істі қарауды 15 маусымға қалдырды. Редакция тілшісі жәбірленуші тараптың жаңа адвокатынан түсініктеме алмақ болғанымен, ол БАҚ өкілдеріне шықпады.

Гибридті формат және деректерді қорғау

Айта кетерлігі, бүгін сотталушыдан жауап алу жоспарланған еді, ол отырысқа қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін сотталушының қорғаушысы оның денсаулық жағдайына байланысты отырыстарға қашықтан қатысуына рұқсат беруді сұраған болатын. Сот бұл өтінішті ішінара ғана қанағаттандырды: сотталушы жауап алу және тараптардың жарыссөзі кезінде сотқа өзі келуге міндетті.

"Қорғаушының сотталушының сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысуы туралы өтініші оның жауап алу және тараптардың жарыссөзі кезінде офлайн қатысу міндетімен ішінара қанағаттандырылуға жатады", – деп қаулы етті бұған дейін төрағалық етуші судья.

Анықтама: Айта кететін жайт, сотта сотталушылардың да, жәбірленушілердің де өкілдері БАҚ-қа процесс қатысушыларының жеке деректері мен суреттерін жариялауға тыйым салуды сұрады. Сот Қазақстанның азаматтық заңнамасының нормаларына сүйене отырып, олардың өтінішін қолдады.

Сондай-ақ судья бұған дейін оған алқабилер сотына жүгіну құқығын түсіндірген болатын, алайда сотталушы бұл мүмкіндіктен бас тартты. Осыған байланысты қылмыстық істі төрағалық етуші судья жеке өзі қарап жатыр.

Екі қылмыстық іс тоқтатылды

Еске сала кетейік, 9 маусымда әл-Фарабидегі жағдайға қатысты билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс құрамының болмауына байланысты 3 маусымда жабылды. Бұған дейін ІІМ тексерудің нөмірлік белгілерді заңсыз беру мүмкіндігі туралы арыздардан кейін басталғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ айыптау нұсқасы бойынша, сотталушы тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 мемлекеттік нөмірі бар автокөлікті басқарғаны белгілі.

Бұған дейін аталған іс бойынша жол апатына қатысты тағы бір қылмыстық іс тоқтатылған болатын. Тергеу сотталушы қасіретті оқиға алдында бірге болған компания өкілдеріне қатысты материалдарды жеке өндіріске бөлгені хабарланды. Олар жалған айғақ берді деп күдіктелген еді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, алайда тергеуден кейін полиция қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келіп, 2026 жылғы 28 мамырда істі тоқтатты. ІІМ бұл шешімнің заңдылығына прокуратура түпкілікті баға беретінін нақтылады.

Үш отбасы да Zeekr жүргізушісін кешірді

8 маусымда сотта жол апатынан қаза тапқан 2005 жылы туған қыздың анасы сөз сөйледі. Ол сотталушыны кешіргенін және оған қатысты материалдық та, моральдық та талабы жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін жол апатында көз жұмған тағы екі адамның туыстары – Mercedes-тің 1996 жылы туған жүргізушісінің және 2003 жылы туған жолаушы қыздың жақындары да осындай мәлімдеме жасап, Zeekr жүргізушісін кешіретіндерін айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.

Сотталушының өзі де кінәсін толық мойындайтынын айтты.

3 маусымда Мәжілістегі брифинг барысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов тараптардың татуласуы адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша істің нәтижесіне қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді. Оның сөзінше, жәбірленуші тараптың ұстанымы айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік бермейді.

Айыптау актісі

Алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы А. П., Zeekr 001 автокөлігінің иесі әрі жүргізушісі рөлге мас күйде отырған.

Сондай-ақ айыптау мәліметтеріне сәйкес, көлікте тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 нөмірі болған.

"Жүргізушіге көлікті тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмірлермен басқаруға тыйым салынады. Алайда сотталушы әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жалған 100 QR 02 мемлекеттік нөмірі тағылған Zeekr 001 көлігімен келе жатып, шамамен сағат 3:30-да белгіленген жылдамдық режимін сағатына 80 шақырымнан асырып жіберген және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолданбаған. Осылайша ол жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына үнемі қауіп төндірген. Меңдіқұлов көшесімен қиылыста сотталушы қарсы бетке шығып кетіп, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", – деді прокурор.

Соқтығысу салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты: Mercedes-тің 1996 жылы туған жүргізушісі, сондай-ақ оның 2003 және 2005 жылы туған екі жолаушысы.

Айыптау актісін оқу кезінде қаза тапқандардың туыстары көз жасына ерік берді.

Сотталушы қандай жылдамдықпен жүрген?

Сондай-ақ прокурор сотқа айыптаудың негізі болған ресми сараптамалардың қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, сотталушы жеңіл дәрежелі мас күйінде болған, ал соқтығысу алдында оның көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.

Сотталушы өзіне тағылған айыптың мәнін түсінетінін мәлімдеп, БАҚ-та суреті мен анкеталық мәліметтерін жарияламауды сұрады. Сондай-ақ ол істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартты.

ҚР ІІМ видеосынан кадр

"Өз іс-әрекетімді ақтамаймын" – Zeekr жүргізушісі

Төрағалық етуші судья тараптардың басты сот талқылауын өткізу форматы туралы пікірін тыңдағаннан кейін, сотталушы А. П. қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.

"Ешқандай сөз де, ешқандай іс-әрекет те жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасына қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз іс-әрекетімді ақтамаймын. Ештеңеге үміт артпаймын, ештеңеден дәметпеймін. Заңға сәйкес жазамды толық өтеуге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолдан келгенше отбасыларыңызға көмектескім келеді. Өзімді кешірмеймін және сіздерді ұмытып кетпеймін. Кешіріңіздер", – деді ол.

Әл-Фараби даңғылындағы қайғылы оқиғадан кейін

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.

12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.

Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.

Тағы оқыңыз: “Үш адамның өмірі үшін 10 жыл тым аз“ - марқұмдардың жақындары Алматыдағы ірі жол апаты туралы

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   562.88   6.78 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +25
Ақтау +27
Ақтөбе +23
Атырау +32
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +29
П
Павлодар +22
Петропавл +29
С
Семей +30
Т
Талдықорған +31
Тараз +34
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер