1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты шектеу: әкімдік түсінік берді 11 маусым 2021, 17:32

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жылдамдық режимін өзгерту мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтқан
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жылдамдық режимін өзгерту мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтқан болатын. Алматы әкімдігі ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы әкімдігі әл-Фараби даңғылындағы жылдамдық режимін сағатына 80 шақырымнан сағатына 60 шақырымға ауыстыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Алматыда әл-Фараби даңғылы бойынша жылдамдық режимін өзгерту мәселесі талқыланып жатқанын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтқан болатын.

"15 жыл бойы әл-Фараби даңғылында қозғалыс жылдамдығы сағатына 80 шақырым болды. Қазіргі уақытта қала әкімдігі жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін төмендету мәселесін қарастырып жатыр. Бірақ жергілікті атқарушы органдар жол инфрақұрылымын ескере отырып, ұсыныс бойынша жүктемені ескере отырып шешім шығарады", - деді Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтарында әл-Фараби, Сайн және шығыс айналма жолда жылдамдық режимі сағатына 60 шақырымға дейін төмендеген болатын. 

Алайда, тамызда жылдамдық режимі қайтадан 80 шақырымға өзгертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!