Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылғы 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылғы 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр және күндізгі ауа температурасы плюс 10...20 градус шамасында күтіледі. Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты", - делінген болжамда.

Сондықтан, мамандардың айтуынша, республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ мұнда жылы. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25...33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30...39 градусқа дейін ыстық болады екен.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course up  562.33  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети