Алдағы демалыс күндері Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады

25 Қаңтар, 12:25
0
Алдағы демалыс күндері Қазақстанда 38 градусқа дейін аяз болады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 26-28 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым аймағында түнде 30-38 градусқа дейін аяз болады.

"Ал күндіз 18...27, кей жерлерде 30 градус аяздан жоғары болмайды, бұл климаттық нормадан төмен. Орталық Азия арқылы циклон жылжиды. Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон және Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктер 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады деп ескертеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавлда да 26 қаңтарда бұрқасын болатыны айтылады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай