31 шілде 2015 18:43

Алдағы демалыста ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері тропосферада орналасқан ауа массаларының батыстан шығысқа қарай тасымалдануы сақталады. Соның әсерінен республикамыздың оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз, ыстық күндер күтіліп отыр, тек Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

"Кейбір жерлерде күндізгі температура климаттық нормадан 2-5 градусқа жоғары болып, ауа температурасы 38-45 градусқа дейін көтеріледі. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік бөлігінің кей жерлерінде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Жауын-шашын Батыс Сібір және Еуропалық Ресейдің солтүстік аудандары арқылы жылжитын циклондарға байланысты атмосфералық фронттарды шақырады және ауа температурасы орташа көпжылдық нормаға сай болады немесе 1-3 градусқа жоғарылайды", - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктер ауа температурасының жоғарылауына байланысты ескерту жариялап отыр:

Атырау облысының басым бөлігінде 1-2 тамызда 40-42 градус ыстық болады;

1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі;

1-2 тамызда Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 41-45 градус болады деген болжам бар;

2 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде 41 градус ыстық болады.     

Сонымен қатар, ауа температурасының көтерілуіне және жауын-шашынға байланысты 3 тамызға дейін Алматы облысының жекеленген тау өзендерінде судың мөлшері көбеюі мүмкін, тауларда сел жүру қаупі бар.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети