04 наурыз 2020 12:15

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Синоптиктер 5-7 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 


Синоптиктер 5-7 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады.

"Қазақстан арқылы өтетін арктикалық суық фронттар қар мен боран тудырады да, республиканың солтүстік бөлігінде күшті солтүстік-батыс желі соғады. Оңтүстік және шығыс облыстарда циклон Орталық Азия аудандарынан ығысады, оңтүстіктен жылы және ылғалды ауа мен солтүстіктен суық ауаның кездесуі кезінде жауын-шашын, жаңбырдың қарға ауысуымен, кей жерлерде қатты қар, көктайғақ, екпінді күшті жел, шығыста бұрқасын болжанады", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, батыс өңірлерде ғана ауа температурасы жоғарылауы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети