01 шілде 2022 15:58

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2, 3 және 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 2, 3 және 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"2 шілдеде батыста, 3 шілдеде солтүстік-батыста, 4 шілдеде республиканың оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында салқын ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети