21 қараша 2016 13:28

Алдағы күндері жылы ауа райы күтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2016 жылдың 22-24 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2016 жылдың 22-24 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстандағы өте суық ауа-райын ұстап тұрған қуатты антициклон, жылы және ылғалды атлантикалық ауа қысымының салдарынан ақырындап бұзыла бастайды. Алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында температура көтеріліп, сондай-ақ қар жауып, бұрқасын тұрып, қатты батыс желі соғады деп күтілуде", - деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығыста антициклон ықпалының нәтижесінде жауын-шашынсыз суық ауа райы сақталады. 24 қарашаға қарай шығыс облыстарда аяз аздап босаңсыйды деп болжанады.

"Алматыда қараша айындағы қардың бір айлық нормасы негізі 67 миллиметр. Бірақ бүгінде 73 миллиметр қар жауған. Яғни, қардың мөлшері нормадан асып кеткен. Қардың мұндай мөлшерде жаууы таулы аймақтарға қалыпты құбылыс", - деді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Алуа Саханова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қар тоқтады. Енді алматылықтарды алдағы күндері жылы ауа райы күтеді.

"Астанада да аяз басылып жатыр. Ауа температурасы жоғарылайтын болады. 23 қарашадан бастап жел күшеюі мүмкін. Ертең түнгі уақытта ауа температурасы 30-33 градус болса, кейін 15-20 градусқа, ал кейбір жерлерде 25 градус аязға дейін барады. Күндізгі уақытта ауа температурасы 8-13 градус көрсетсе, кей жерлерде 5 градус аяз болады", - деп түсіндірді Алуа Саханова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети