Алдын ала есеп: референдумға қанша адам қатысқаны белгілі болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдын ала есеп: референдумға қанша адам қатысқаны белгілі болды Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда референдумға қатысқандар 68 пайыздан асты. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


22.00-дегі алдын ала мәліметтер бойынша, 8 миллион 30 мың 739 адам бюллетень алған. Дауыс беруге келгендер 68,44 пайыз болған.

Дауыс беруге келгендер бойынша көшбасшы Түркістан облысы болды, онда - 80,66 пайыз. Дауыс беруге келгендер саны ең аз тіркелген облыс - Алматы, онда - 33,3 пайыз.

"Референдум комиссиясы дауыстарды санауға кірісті. Ертең аумақтық комиссиялардың хаттамаларының электрон түрде түсуін күтеміз. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары брифинг барысында жарияланады", - деді Мұхтар Ерман.

Еске салайық, бұған дейін референдумда 8 миллионға жуық қазақстандық дауыс бергені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +20
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +22
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +18
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер