05 маусым 2022 20:46

Референдумда 8 миллионға жуық қазақстандық дауыс берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумда 8 миллионға жуық қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумда 8 миллионға жуық қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 20.00-дегі алдын ала деректер бойынша, бюллетеньді 7 миллион 936 мың 655 қазақстандық алған, ал референдумға дауыс берушілердің қатысу көрсеткіші 67,65 пайыз болған.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де 12 өңірде аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шетелде дауыс берушілер тізіміне 11 350 қазақстандық енгізілгенін айтқан болатын. Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-дегі жағдай бойынша, шетелде 5 100-ге жуық адам дауыс берген еді.

Ал Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға дауыс берушілердің қатысу көрсеткіші 65,04 пайыз болған еді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети