08 сәуір 2023 10:14

Әлемдегі ең қымбат автокөлік бренді аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Tesla Mercedes-Benz және Toyota-ны басып озып, әлемдегі ең қымбат автомобиль брендтерінің тізімінде бірінші орынға шықты. Бұл туралы Brand Finance халықаралық сараптамалық агенттігінің баяндамасында мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, Tesla бренді қазір 66,2 миллиард долларға бағаланған. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен бес есе артық.

Былтырғы көшбасшы Mercedes-Benz брендінің құны 3 пайызға төмендеп, 58,8 миллиард доллар болса, бұған дейін екінші орында тұрған Toyota 18 пайызға төмендеп, 52,5 миллиард доллар болды.

Қытайлық Sokon автокөлік бренді жыл сайын 123 пайызға өсіп, 739 миллион долларға бағаланып, ең жылдам дамып келе жатқан бренд атанды.

Сондай-ақ, тізімде элиталық AAA+ рейтингі бар "ең күшті автомобиль бренді" атанған Ferrari туралы айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети