22 желтоқсан 2020 17:52

Әлеуметтік желіде қазақстандық банктің жалған парақшасы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Әлеуметтік желіде қазақстандық банктің жалған парақшасы пайда болды. StopFake.kz порталының редакциясына Facebook-тегі парақшаның түпнұсқалығын тексеруді сұраған оқырман жүгінген. Аккаунтта ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бұл Halyk Bank-тің парақшасы, бірақ ол "жеке блог" деп белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, бұл - фейк парақша. 

"Бұл алаяқтардың ісі! Сақ болыңыздар және шоттар бойынша ақпарат бермеулеріңізді сұраймыз", - деді банк өкілдері. 

Сондай-ақ, аккаунттың жалған екенін парақшаны верификациялайтын арнайы белгілердің болмауынан және мекеменің акциялары мен жұмысы туралы тиісті ақпараттың жоқтығынан байқауға болады. Мұның бәрі Halyk Bank-тің ресми аккаунтында жарияланған.

Дербес деректерді немесе төлем карталары туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ешбір жағдайда хабарлауға болмайды. Құпия сөз бен шоттарға кіру кодтарын банк қызметкерлеріне де айтуға болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети