26 сәуір 2017 16:13

"Алматы-1" вокзалында полицей суретке түскендерге әдепсіз қылық көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы-1" вокзалында полицей суретке түскендерге әдепсіз қылық көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Алматы-1" вокзалында полицей суретке түскендерге әдепсіз қылық көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Суреттің сипаттамасында әлеуметтік желіде жарияланған сурет 24 сәуірде түсірілгені айтылады. 

"Міне, Алматы-1 вокзалындағы тәртіп сақшысы. Туыстарым ата-анасын Қостанайға шығарып салған. Естелік болсын деп суретке түскен. Әдеттегі сурет сияқты, бірақ анықтап қарасаңыз, артында тұрған адамның ісін көруге болады. Міне, олар осылайша өз қызметтерін масқаралайды. Органдар менің осы жазбама назар аударады деп үміттенемін", - деп жазды қолданушы. 

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, суретте тұрған адам полицияның кіші сержанты. Ол Алматы-1 станциясының Желілік ішкі істер басқармасының қызметкері екен.  

"Қазіргі уақытта осы қызметке қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Тексерістің нәтижесінде ол қатаң тәртіптік жазаға тартылады", - деп хабарлады полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети