31 мамыр 2022 17:07

Алматы әкімдігі өкілі Лаура Мырзағалидің жаңа қызметке тағайындалуы туралы қауесетке пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лаура Мырзағали. Фото:gov.kz Лаура Мырзағали. Фото:gov.kz

Алматы әкімдігі өкілі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің жаңа қызметке тағайындалуы туралы қауесетке пікір білдірді. Бұған дейін Kozachkov offside Telegram-арнасында ол қалалық емханалардың бірінің бас дәрігері болып тағайындалуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі өкілі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДСБ) басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің жаңа қызметке тағайындалуы туралы қауесетке пікір білдірді. Бұған дейін Kozachkov offside Telegram-арнасында ол қалалық емханалардың бірінің бас дәрігері болып тағайындалуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Лаура Мырзағалиді Алматы емханаларының бірінің бас дәрігері қызметіне тағайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол денсаулық жағдайына байланысты демалыста", - деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

4 мамырда Алматының Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиді қызметінен босатуды ұсынды. Ол өткен айдың басында даулы видеоның кесірінен жұмысынан уақытша шеттетілген еді.

Жоғары лауазымды шенеуніктің теріс қылықтары Мемлекеттік қызмет істері департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралды.

"ҚДСБ жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар мен этикаға сай  келмейтін әрекеттер бар екенін көрсетті. Кеңес мүшелерінің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін Лаура Мырзағалиді лауазымынан босату түріндегі жазалау шарасын қолдану ұсынылды. Сондай-ақ, ҚДСБ басшысы Нариман Табынбаевты Әдеп кодексін бұзғаны үшін сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды", - деді Алматы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Осы оқиғадан кейін Алматы ҚДСБ басшысының орынбасары бүгінге дейін денсаулық жағдайына байланысты демалыста.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети