08 мамыр 2020 15:07

Алматы әкімдігі тұрғындардан 9 мамырда саябаққа бармауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Алматы қаласының жедел штабы төтенше жағдай және карантин режиміне байланысты Жеңіс күніне орай мәдени-көпшілік шаралар өтпейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының жедел штабы төтенше жағдай және карантин режиміне байланысты Жеңіс күніне орай мәдени-көпшілік шаралар өтпейтінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеңіс күні қарсаңында, 9 мамыр күні коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, мемориалдар мен зираттарға барудан бас тартуды ұсынады. Яғни бұл ұсыныс 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне де қатысты айтылған", - деді Алматы қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб төрағасының орынбасары Ерлан Қожағапанов.


Сондай-ақ, ол азаматтар көп жиналатын жерлерде Полиция департаменті тарапынан жаяу және автомобильді патрульдеу күшейтілетінін жеткізді.

Қазақстан және Ресей жұлдыздары 9 мамырға арналған ерекше құттықтау түсірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети