26 мамыр 2021 11:20

Алматы-Бішкек тасжолында мектеп түлектерінің кортежі видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысында кортеж қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Алматы облысында кортеж қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

25 мамырда полицейлер әлеуметтік желілерді бақылау барысында Алматы - Бішкек тасжолында төрт автокөлікте бір топ адам жол жүрісі ережелерін өрескел бұзғаны түсірілген видеоны тапты. Онда мектеп формасы мен ақ түсті жейде киген қыз-ұлдарды байқауға болады.

Тәртіпбұзушылар Жамбыл ауданының 17-22 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлық төрт көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушілерге, оның ішінде екі кәмелетке толмаған балаға қатысты бірден бірнеше әкімшілік хаттама жасалды.

Осы дерек бойынша барлығы 15 хаттама толтырылды, оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз көлік құралдарын жүргізу, қозғалыс кезінде есіктерді ашу, терезеден шығу және басқалары бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети