15 тамыз 2018 16:40

Алматы ІІД "полицейлер тағы бір алдау тәсілін ойлап тапты" деген хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Аламты ІІД өкілдері жол полицейлері тағы да бір алдап түсірудің амалын ойлап тапқан делінген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Аламты ІІД өкілдері жол полицейлері тағы да бір алдап түсірудің амалын ойлап тапқан делінген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Олардың айтуынша, жол полицейлері әуежайға беттеген автокөліктерді тоқтатады. 

"Жол полицейлерінің жаңа алдау тәсілі! Олар әуежай аумағындағы жол бойында тоқтап тұрып, көліктерді қаланың ішіне кіргізіп, жүз метр өткеннен кейін тоқтату ескертуін жасайды. Бақылау камераларынан өтпейінше жақындамай, алыстағаннан кейін көліктерді тоқтатып ескертуді елемеген үшін 124 000 теңге сомасында айыппұл сындырып алады немесе жүргізуші куәлігінен айырады. Бақылау камерасының көзінше сендердің арттарыңнан қуған секілді! Барлығына бұл ақпаратты тарат!", - делінген хабарламада. 

Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл хабарламаны жалған деп отыр. 

"Бұл ақпараттың барлығы жалған. Полицияға мұндай шағым түскен жоқ. Желіде таратылатын мұндай хабарламаларға сенбеуді сұраймын. Тек ресми түрде таралған ақпараттарға сену керек", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети