16 тамыз 2021 12:17

Алматы емханаларына Vero Cell вакцинасы жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қытайдың Vero Cell вакцинасы Алматы емханаларына жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайдың Vero Cell вакцинасы Алматы емханаларына жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 тамызда Sinopharm вакцинасының 10 мың дозасы (бірінші компонент) алынған. Осы аптада қосымша 35 мың доза күтіледі.

"Vero Cell вакцинасы қалалық емханаларға жеткізілді, қосымша ақпаратты телемедицина орталығынан мына телефондар бойынша алуға болады: 3000 505, 1312. Осы аптада Алматыдағы барлық емханада Vero Cell вакцинасы қолжетімді болады", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Айта кетейік, 10 тамызда Sinopharm-ның Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілгені хабарланған болатын. Жалпы Қазақстан бұл вакцинаның төрт миллион дозасын сатып алған.

Қытайлық Vero Cell вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл 7 мамырында мақұлдаған. Шілдеде ол COVAX вакцина банкіне кірді. Вакцина инактивті, екі доза. Жарамдылық мерзімі - 24 ай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети