08 маусым 2020 09:23

Алматы кафелері келушілерді көптеп қабылдай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Алматыда кафелерге жазғы алаңға қосып, адам қабылдауға рұқсат етілді. Қала әкімдігі мұны кәсіпкерлерді қолдау үшін жасап отыр. Себебі тұрғындар арасында маусымдық сұраныс артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда кафелерге жазғы алаңға қосып, адам қабылдауға рұқсат етілді. Қала әкімдігі мұны кәсіпкерлерді қолдау үшін жасап отыр. Себебі тұрғындар арасында маусымдық сұраныс артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің хабарына қарағанда, кафелерде отырғызу орындарының саны кем дегенде 1,5-2 есеге төмендеп кеткен. Бұдан басқа, кейбір нысанда жазғы алаңдар жоқ. Сондықтан жазғы терассасы бұрыннан жоқ нысандарға халық арасындағы маусымдық сұранысты ескере отырып және қызмет көрсету саласының нысандарын қолдау мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі жазғы алаңдар санын, оларды іргелес жатқан аумақтарға орналастыру есебінен арттыру мүмкіндігін ұсынып отыр.

"Осылайша, бұдан бұрын жазғы алаңдары жоқ нысандарға мейрамхананың немесе кафенің іргелес жатқан аумағына, күрделі құрылыс салмай, уақытша, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға және шектеу шаралары алынғанға дейін қосымша орындар қоюға рұқсат етіледі. Бұл ретте, үстелдар жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге, сондай-ақ автомобиль көлігінің жүруіне кедергі немесе қолайсыздық келтірмеуі тиіс", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының меншігіндегі жер телімдерінің шекараларында маусымдық кафелерді (жазғы алаңдарды) орналастыру жер-құқықтық қатынастары ресімделмей жүзеге асырылады. Алайда, аталған нысандарды тұрғын үйлердің терезесінің алдынан ашуға сол үйлердің тұрғындарының жазбаша келісімі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Нысандардың қызметіне барлық санитариялық-эпидемиологиялық талап сақталған жағдайда рұқсат беріледі.

Сонымен бірге, қазір қалада банкеттер мен салтанатты жиындар өткізуге салынған тыйымдар сол күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, аталған кезеңде караоке, бильярд және басқа да қоғамдық тамақтандыру аумағында жұмыс істейтін көңіл көтеретін мекемелердің жұмысына тыйым салынған. Кальян жұмыстарына карантиннің барлық кезеңіне тыйым салынған.

Еске салайық, 25 мамырдан бастап, Алматыда жазғы алаңдарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтандырудың 3100-ден астам нысандары қызметін қайта бастады. Олардың жұмысының негізгі шарты көрші үстелде отырған келушілердің кемінде 2 метр ара қашықтығын камтамасыз ету және бір үстелге отбасы мүшелерін айтпағанда, 4 адамнан артық адам отырғызбау болып қалып отыр. Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмысына сағат 23:00-ге дейін рұқсат берілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети