Алматы-Қарағанды ​​бағыты қашан ақылы болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгінде Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифін көтеру талқыланып жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифін көтеру талқыланып жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келесі жылы Алматы - Қарағанды жолын салып бітіреміз деп ойлаймын. Бұл жол жеңіл көліктер үшін де ақылы болады. 2025 жылы онда бейнебақылау камералары орнатылып, ақылы жүйе енгізіледі. Жаңа ақылы жолдарда тариф өзгере ме? Бүгінде ондағы тариф - 1 теңге 20 тиын (1 шақырым жолға - еск.). Бірақ ондағы тариф көтерілуі мүмкін. Мәселені талқылап жатырмыз", - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Марат Қарабаевтың сөзінше, жолдарды күтіп ұстауға қаржы керек.

"Біз тариф 1,20 теңге деңгейінде қалады деп айтып отырған жоқпыз. Тарифті біртіндеп көтеру саясатын ұстанамыз. Ең алдымен транзитке басымдық беріледі. Бәрі жағдайға байланысты. Төртжолақты (ақылы - еск.) жолдарды алайық. Оны күтіп ұстауға қаражат керек. (Ақылы жолдардағы - еск.) учаскелер мен шақырым да әртүрлі. Осыны ескерсек, ақылы жолдардағы тарифтің құны да әртүрлі болады", - деді ведомство басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer