Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды 23 маусым 2022, 08:55

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды. Бұл туралы қала әкімінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

"Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңес шешімі бойынша, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды", - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған болатын. Осыдан кейін Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тексеріс басталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram