Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздегі жолдардың қашаннан бастап ақылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздегі жолдардың қашаннан бастап ақылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде Астана-Бурабай тасжолы ғана ақылы, шамамен 210 шақырым. Алдағы үш ай ішінде 630 шақырымға созылған үш учаскеде қозғалыс ақылы болады. Біріншісі - Алматы-Қорғас тасжолы, онда қозғалыс шілде айынан бастап ақылы болады. Сосын қыркүйек айында Астана-Теміртау мен Алматы-Қапшағай тасжолдары ақылы болады", - деді министр.
Оның айтуынша, 2020 жылға дейін республикамызда аумағы 5,5 мың шақырым болатын жолдарға ақылы жүйе енгізіледі, ал 2022 жылға дейін - 10 мың шақырымнан астам жолға.
"Жиналған ақша қазіргі уақытта жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының шығынын толықтай өтеуі тиіс", - деп айтып өтті министр.