29 мамыр 2017 11:57

Алматы көшелерінде трамвай рельстері алып тасталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұзындығы 83,7 шақырым болатын 114 көше қосымша жөндеуге жергілікті бюджеттен 9,5 миллиард теңге бөлінген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Алматыда ұзындығы 83,7 шақырым болатын 114 көше қосымша жөндеуге жергілікті бюджеттен 9,5 миллиард теңге бөлінген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінде қалада жоспарланған 250 мың шаршы метр жолдың 50 мың шаршы метріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 97 мың шаршы метр тротуарлар, 130 бекет алаңдары абаттандырылуда, 12 магистраль және ұзындығы 31,27 шақырым болатын аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтуде. 1 маусымнан бастап ұзындығы 30,75 шақырым болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге, депутаттар мәслихаттың соңғы сессиясында ұзындығы 83,7 шақырым болатын 114 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 2,5 миллиард теңге бөлу жөніндегі шешімді бірауыздан қолдады", - делінген хабарламада.

Маусым айында көше-жол жүйесінің көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал ететін трамвай рельстері сүріліп, 18 жол бұрылысында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Торайғыров және Каблуков көшелерінде ұзындығы 3,7 шақырым болатын велосипед жолы салынып, айналасы абаттандырылады. 

Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі 7,5 шақырым жердегі трамвай рельстері алынады. Бұл учаскелерге де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бордюрлер реттеліп, арық жағалаулары, бекет нүктелері, велосипед жолдары көріктендіріледі.

"Қазіргі кезде Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақ қайта жасалып, велосипед жолдары ретке келтірілуде, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейінгі ұзындығы 2,08 км. жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Жалпы, жолдарды жөндеу жобасында көлік қозғалысы бөліктерін 4 жолаққа дейін кеңейту, "Қарғалы" өзені арқылы өтетін көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 шақырым болатын веложолдар мен ұзындығы 4 шақырым болатын тротуарларды абаттандыру да қарастырылған", - делінген әкімдік сайтында.

Жақын күндері Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ ықшам аудандарында ұзындығы 10,9 шақырым болатын жолдың, ал Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 шақырым болатын жолдардың құрылыстары басталады.

Жалпы, Алматыда жолдарға жүргізілетін құрылыс-жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 9,5 миллиард теңге бөлінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети