Алматы көшелерінен қараусыз қалған, иесі жоқ 146 көлік алынып тасталды. Алматы полиция қызметінің мәліметі бойынша, иесіз көліктер Медеу, Алматы және Алатау аудандарында көп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қала ішінде 146 иесіз көлік табылды, олар жолдың жиегінде немесе тұрғын үй аулаларында тұрды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қолайсыздық тудырады. Кей көліктер айлар бойы шіріп тұрған. Ал кейбірінде тіркелген нөмір белгілері де болған жоқ", - деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы полиция подполковнигі Төрехан Исин.
Полиция мәліметі бойынша, 93 машина арнайы айып тұрағына орналастырылды. Көліктердің 53 иесі қала көркінің ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бұл көліктер қылмыстық есеп бойынша да тексерілді.