25 мамыр 2016 10:11

Алматы мектептерінің 6,7 мың түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы қаласындағы мектептерде 6 773 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Алматы қаласындағы мектептерде 6 773 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қала басшысы 1936 жылы ашылған №83 гимназиясының салтанатты шарасына қатысты. Бауыржан Байбек бүгінгі заманда сәттілікке жетудің кілті деп білім мен оқуға деген әрдайым талпыныс жасауды, жаңалыққа ұмтылуды атады. "Тәуелсіздігіміздің биыл атап өтіп жатқан 25 жылдығы сіздерге және сіздердің болашақтарыңызға арналады. Бірінші кезекте бұл біздің қоғамдағы бейбітшілік, келісім және тұрақтылық, бұлар жетістігіміздің іргетасы, оны барлығымыз сақтап, қуатты ете түсуіміз керек", - деді Байбек. 

Әкім Алматыда сапалы әрі заманауи білім алуға барлық мүмкіндіктің жасалып жатқанын, осы саладағы дамудың ірі бағдарламаларының сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Мәселен, соңғы бес жылда білім беру жүйесін қаржыландыру екі есе өсті - 57,5 миллиард теңгеге жетті. Сонымен қатар, 12 жалпы білім беру мектебі пайдалануға берілді, оның ішінде 10-ы қазақ тілінде білім береді.

Байбек түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, тағы да үздік нәтиже көрсетуді тіледі. Еске салайық, Алматы қаласы жыл сайын республикалық олимпиадаларда және ғылыми жобалардың байқауларында үздік көрсеткішке жетіп жүр.

Алматыда жалпы 201 963 оқушы білім алады. Соңғы қоңырау шарасы 201 мектепте өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети