26 қаңтар 2024 10:56

Алматы метросы жұмысында ақау шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы метросы жұмысында ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы метросы жұмысында ақау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қаңтарда таңертең Райымбек станциясында ақпараттық желі істен шығып, метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды.

"Осыған байланысты барлық станциялардағы қозғалыс аралығы уақытша ұлғайтылды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Қазір метро қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алаңдауға негіз жоқ", - деп хабарлады "Метрополитен Алматы" МКК.

Мамандар ақауды дереу жоюға кірісіп, пойыздардың қызмет көрсету аралығы тез арада қалпына келтірілді.

"Туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети