01 қараша 2016 18:21

Алматы метросында неліктен әжетхана жоқ?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматы метросының ешбір бекетінде жолаушыларға арналған әжетхана жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Метрода неліктен әжетханалар жоқтығы түсіндірілді.


Алматы метросының ешбір бекетінде жолаушыларға арналған әжетхана жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Метрода неліктен әжетханалар жоқтығы түсіндірілді.

Әжетхана бақылау камералары қойылмайтын жалғыз жер, сондықтан метрода әжетханалар орнатылмаған. "Метроның әр бекетінде қызметкерлерге арналған әжетханалар орнатылған. Керек жағдайда жолаушы бекеттің кезекшісіне барып жолығуына болады, сосын ол өзі қызметтік әжетханаға апарады. Қауіпсіздік шараларына байланысты метрода әжетханалар орнатылмайды, себебі онда бейнебақылау камераларын орната алмаймыз", - делінген метрополитеннің жолаушының сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, барлық бекетте қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл еліміздегі 2017 жылдың 15 қаңтарына дейінгі террористтік қауіптің "сары деңгейіне" байланысты. Бұл дегеніміз жолаушыларды тоқтатып тексеруге болады деген сөз. 

"Метрополитеннің барлық 9 бекетінің вестибюлінде заманауи техникалық құралдар орнатылған. Алматы метрополитенінде кез келген жолаушыны және келушілерді заттарының, оның ішіндегі заттарды, жүгін және қол сөмкелерін тексеру қарастырылған", - делінген жауапта. 

Айта кетейік, метро бекеттерінде суретке түсу уақытша рұқсат етілмейді. "Елдегі террорристік қауіптің "сары" деңгейге және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты осындай шараларды жасауға кеңес берілмейді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети