23 желтоқсан 2020 18:32

"Алматы - наш": әуеге оқ атқан ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Полиция "Алматы - наш" деп әуеге оқ атқан адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция "Алматы - наш" деп әуеге оқ атқан адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері парақшалардың бірінде жарияланған видеоға байланысты жедел түрде Қызылорда облысының тұрғыны 1996 жылы туған азамат М.-ны анықтап, ұстады", - деді полициядағылар.

Видео Розыбакиев көшесінде салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында түсірілген. Құқық қорғаушылар ер адам осы нысанда сантехник болып жұмыс істейтінін және оның қолында травматикалық тапанша болғанын анықтады. Ол күдіктінің тұрғылықты жерінен табылып, тәркіленді.

"Ұсталған адамның айтуынша, бұның себебі - әлеуметтік желілерде танымал болуға деген ұмтылыс. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүріп жатыр", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Полиция осы оқиғаға байланысты видео жариялады, онда ұсталған ер адам әрекеті үшін кешірім сұраған. 

"Мен өз кінәмді мойындаймын, іс-әрекетімнің заңға қайшы келетінін білмедім, өз кінәмді мойындап, барлық қазақстандықтан кешірім сұрағым келеді. Мені кешіріңіздер", - деді ол.

Видеолар Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланған. Бірінші видеода біреу "Алматы наш" деп айғайлап, ауаға оқ атады.

Екінші видео түнде түсірілген. Онда белгісіз жігіттің "Алматы наш" деп ауаға оқ атқанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Бұған дейін Алматы полициясы қаруланған жігіттердің видеосына қатысты түсінік берген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети