23 қазан 2023 11:30

Алматы облысында 10 жастағы қыз зорланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Freepik.com Фото: Freepik.com

Алматы облысындағы ауылдың бірінде 10 жастағы қыз зорланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы ауылдың бірінде 10 жастағы қыз зорланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"17 қазанда Жамбыл ауданының ПБ-де 2013 жылы туған кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Зорлады деген күдік бойынша 1963 жылы туған К. азаматы анықталып, ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Іс материалдары "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасына санкция беру үшін сотқа жіберілді. Істі тергеу барысын Алматы облысы ПД бастығы бақылауға алды.

Еске салайық, бұған дейін белгілі адвокат Түркістан облысында зорланған15 қыз туралы мәлімдеген болатын. Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети