07 қазан 2022 13:35

Алматы облысында әкесі мен үш ұлы газдан уланып қаза болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы көмірқышқыл газына уланып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы көмірқышқыл газына уланып қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1970 жылғы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған. Бәрі қаза болды. Бұл уақытта марқұмның әйелі, балалардың анасы үйде болмаған. Ол түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда туғандарының денесін тапқан.

 Балалардың үлкені 13 жаста болса, екеуі 8 жаста.

"Отбасы бұл саяжайға екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқандардың анасы 1973 жылы туған азамат Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдай болған күні марқұм күйеуі таңғы сағат 5-те жұбайын жұмысқа апарып, үйіне қайтады. Шамамен 16.00-де жұмыстан қайтқан әйел оларды өлі күйінде тапқан. Марқұмдар пропан газы баллонынан уланған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Анықталғандай, ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып қойған.

Оқиға орнында жедел топ, Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу сынақ өрт зертханасы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы мен Іле аудандық ішкі істер бөлімі мен жедел жәрдем жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети