19 сәуір 2020 15:48

Алматы облысында ауыл тұрғындары жабылуын талап еткен стационардың суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Береке ауылындағы обсервациялық стационарға жабдықтау жоспарланған амбулаторияның суреттері пайда болды. Бүгін түнде ғимараттың жанында жергілікті тұрғындар жиналып, коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарға арналған стационарды жабуды талап еткен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар болашақ стационар ғимаратының алдына түнде жиналып, терезелер мен есіктерін сындырғаны хабарланған. 

Әкімдің амбулатория бос тұрғанын, онда емделушілер жоқ екенін мәлімдеді.

Жиналғандардың кейбірі бұзақылық әрекеттер жасап, материалдық шығын келтірді (есік, терезелерді сындырды, далаға 30-ға жуық төсек пен матрастарды шығарып тастады). Кей адамдар мас болған.

Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, амбулаторияны обсервациялық стационарға қайта жабдықтау туралы шешім әлі қабылданған жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети