19 сәуір 2020 09:44

Алматы облысында ауыл тұрғындары стационардың жабылуын талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Алматы облысында ауыл тұрғындары обсервациялық стационардың жабылуын талап етіп, терезелерін сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында ауыл тұрғындары обсервациялық стационардың жабылуын талап етіп, терезелерін сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәліметтерге сәйкес, 19 сәуірде сағат 00.15-те Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Береке ауылындағы амбулатория ғимаратының алдында жергілікті тұрғындар жиналған.

"Жиналғандар ауылдың медициналық мекемесінің (амбулаторияның) ғимаратын КВИ жұқтырғандармен байланыста болғандарды оқшаулау үшін қолданатынына наразылығын білдірді", - деп хабарлады әкімдік өкілі. 

Айта кеткен жөн, амбулатория бос тұрған, онда емделушілер болмаған.

Жиналғандардың кейбірі бұзақылық әрекеттер жасап, материалдық шығын келтірді (есік, терезелерді сындырды, далаға 30-ға жуық төсек пен матрастарды шығарып тастады). Кей адамдар мас болған.

"Қарасай ауданының әкімі Далабаев тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізді. Алайда, аудан басшысының сөзіне қанағаттанбаған олар обсервациялық стационардың жабылуын талап етті. 

Содан кейін мас адамдарды ұстау туралы шешім қабылданды.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдай кезінде заңсыз іс-әрекеттерді ұйымдастырғаны және қарсылық білдіргені үшін кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімдігі тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды және ресми деректерге ғана сенім білдіруді өтінеді. Тексерілмеген көздерден ақпарат таратқан адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети