18 қараша 2020 11:12

Алматы облысында ауыл тұрғындары қар ерітіп ішуге мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК видеосынан скрин КТК видеосынан скрин

Алматы облысында суы жоқ ауылдың тұрғындары қарды ерітіп отыр. Жергілікті әкімдіктегілер оларға ешқандай көмек көрсете алмайтынын айтты. Себебі құжат бойынша мұндай елді мекен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Алматы облысында суы жоқ ауылдың тұрғындары қарды ерітіп отыр. Жергілікті әкімдіктегілер оларға ешқандай көмек көрсете алмайтынын айтты. Себебі құжат бойынша мұндай елді мекен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Байтөбе ауылының тұрғыны Айсұлу Қантаева қар суына ыдыс пен кір жуады екен. Ол күніне 20 кастрюль қар еріте алатынын айтты. Төрт баланың анасы қыс келгеніне қатты қуанғанын атап өтті. 

Ал жазда қиын, ауылда су мүлдем жоқ дейді.

"Ай сайын суға 15-20 мың теңге жұмсалады. Бұл - өте қиын. Тек күйеуім жұмыс істейді. Оның үстіне бұл үй үшін кредит төлейміз. Төрт балаға алатын жәрдемақымның жартысы суға кетеді. Ол суды тек ішеміз. Ыдыс пен кір жуу үшін қар суын қайнатамыз", - дейді әйел. 

Байтөбе ауылында 150 отбасы бір жылдан аса уақыттан бері осындай жағдайда тұрып жатыр екен. Ауылдықтар апта сайын су таситын көлікті күтеді. Бөтелке мен шелекті алдын ала дайындап қояды. Тұрғындар бір команияға су өткізу үшін ақша төлегенін айтады, бірақ нәтижесі жоқ.

"Бұл адаммен 2019 жылы қыркүйек айында ма таныстым. Ол қазан айында су жеткізетінін айтты. Су қосу үшін "әр отбасы 170 мың теңгеден төлеу керек" деді. Бірақ әркім шамасы келгенше берді. Біреу 170, біреу 50 мың, тағы біреу 100 мыңнан берді. Бес миллионға жуық ақша жиналды. Сол 2019 жылдан бері бір аптадан кейін жұмысты бастайтынын айтып келеді", - деді жергілікті тұрғын Молдахмет Тұрдықанов.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, құрылыс компаниясы байланысқа шықпай қалған, кеңсесінде де ешкім жоқ. Соңында тұрғындар "ақшасыз және сусыз қалған". Олар әкімдікке жүгінген. Шенеуніктер Байтөбе деген ауыл құжат бойынша жоғын айтты. Ол саяжайдың орнына пайда болған.

"Егер олар саяжай кооперативі болса, онда олардың бір төрағасы бар. Олар бірігіп сол жерден үй салды. Енді өздері заң бойынша өздерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек", - деді Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақов.

Дегенмен әкімдіктегілер мәселені шешуге тырысатынын айтты. Ауыл тұрғындарына полицияға барып, коммуналдық компанияның үстінен шағым жазуға кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети