Алматы облысында бұрынғы әкім Қарасаевқа қатысты сот басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бағдат Қарасаев. Фото: gov.kz Бағдат Қарасаев. Фото: gov.kz

Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы редакцияның ресми сауалына Алматы облысының прокуратурасы жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы редакцияның ресми сауалына Алматы облысының прокуратурасы жауап берді.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Іле ауданының экс-әкімі Қарасаев Б.Ә. және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады. 2025 жылғы 31 наурызда Қарасаев Б.Ә. және тағы үш айыпталушы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 305-бабына сәйкес Алматы облысы Іле аудандық сотына қылмыстық істі мәні бойынша қарауға берілді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Экс-әкім не үшін айыпталып отыр?

Бағдат Қарасаевты былтыр күзде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған болатын. Прокуратура мәліметінше, ол кезде әкім қызметін атқарған Қарасаевтың Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметіне жүргізілген бірлескен тексерудің нәтижесінде ұсталғаны айтылған. Антикор дерегінше, ол "қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын сенімді басқару құқығын өзімен аффилирленген компанияға беру арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды" деп күдікке ілінген.

Сондай-ақ, ол өз өкілетін асыра пайдаланды деп күдікке ілінді.

"Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшыларын тартқан. Келісімшарт бойынша көзделген қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату міндеттемелері орындалмаған, ал компанияның кірісі оның жеке баюына бағытталған", – делінген Антикор хабарламасында.

Сотта Қарасаев пен өзге де айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің келесі 7 бабы бойынша іс қаралып жатыр:

  • 189-бап – "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету"
  • 190-бап – "Алаяқтық"
  • 324-бап – "Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу"
  • 361-бап – "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану"
  • 362-бап – "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану"
  • 364-бап – "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу"
  • 369-бап – "Қызметтік жалғандық жасау"

Бұрынғы әкім Қарасаев қазір қайда?

Прокуратура мәліметінше, Бағдат Қарасаев қамауда отыр және ІІМ ҚАЖК-нің №72 мекемесінде отыр.

Бағдат Қарасаев туралы не белгілі?

Бағдат Қарасаев 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы облысы Іле ауданының әкімі қызметін атқарған.

Әр жылдары ол кәсіптік-техникалық училищеде директордың орынбасары, директоры, "Алаколь-Агро" ЖШС, "ТSС-Агро" ЖШС, "Тау-Самал Ltd" компаниясы және "Қайынды" ЖШС директоры болған, сондай-ақ Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, Алакөл ауданының әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдан 2018 жылдың мамырына дейін Талдықорған қаласының әкімі болған, кейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer