Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті 31 қаңтар 2023, 09:25

Алматы облысында жол апатынан екі адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Алматы облысында жол апатынан екі адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 қаңтарда Алматы мен Қонаев қалаларының ортасындағы тасжолда жол апаты болды. Mercedes-Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізуші аса жоғары жылдамдықпен келе жатып Ford автокөлігіне соғысқан.

Ford автокөлігі жолдың сыртына шығып кетіп, ізінше көліктен өрт те шыққан. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза болды. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісіне көмек беріліп жатыр.

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мейрам Әбікеев тұрғындарға жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауды ескертті.

Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Қонаев полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram