22 желтоқсан 2021 17:41

Алматы облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен алынған сурет Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен алынған сурет

Алматы облысында тасжолда қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды. Ер адам жолдың жабылатыны туралы ескертуге мән бермей жолға шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында тасжолда қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды. Ер адам жолдың жабылатыны туралы ескертуге мән бермей жолға шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 желтоқсанда сағат 11:17-де Алакөл ауданындағы Үшарал-Достық жолының 92-шақырымында көлік қар құрсауында қалып қойды. Жүргізуші құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына Ақши ауылының жедел-құтқару жасағының үш құтқарушысы "Треколь" көлігімен шыққан. Ауылға дейінгі қашықтық 50 шақырым.

Сағат 14:10-да көлік қар құрсауынан тазартылған жол учаскесіне шығарылды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет емес.

Жол 22 желтоқсанда қатты боранға байланысты жабылған болатын. Тұрғындарға жолдың жабылғаны туралы хабарлама жіберілген.

Сурет: Алматы облысы ТЖД

Алакөл ауданында, соның ішінде Үшарал-Достық тасжолында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Жүргізушілерден бұл бағытта жүруден бас тартуды және SMS хабарламаға назар аударуды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети