07 тамыз 2017 10:05

Алматы облысында латын әліпбиіне көшу дайындығы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы әкімдігі мен Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында облыс көлемінде алғаш рет "Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы" атты семинар кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы әкімдігі мен Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында облыс көлемінде алғаш рет "Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы" атты семинар кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліппеге көшіру жұмыс тобының мүшелері белгілі саясаткерлер, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі униститутының қызметкерлері мен тіл жанашырлары қатысқан семинар-кеңесті Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ашып, жүргізді.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын терең мазмұнға толы құнды еңбек екені сөзсіз. Кемел келешекке бағдар болған ауқымды құжатта ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған. Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі латын әліпбиіне көшу. Мемлекет басшысы еліміздің рухани дамуы мен кемелдену жолында қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшіруіне байланысты бірқатар міндетті белгіледі. Ендеше бүгінгі семинарда латын әліпбиіне көшудің дайындығы сараланып, кеңінен сарапталатын болады", - дей келе Жақсылық Мұқашұлы өңірде латын әліпбиіне көшіруді жалпыұлттық талқылау жөніндегі "Жаңғырудың жаңа белесі" атты ақпараттық-насихаттық жұмыс тобының құрылғандығын ерекше атап өтті.

Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының жетекшісі Ерден Қажыбек өз сөзінде латын әліпбиіне көшу - қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақ еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіндігін айтты.

"Біз латын әліпбиіне көше отырып өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздердің арыламыз. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде ана тіліміздің болашағын ойлап, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге мүмкіндік жасау деп түсіну керек. Әріптер дыбыстан аз болуы керек. Ал бізде керісінше. Әріп көп, дыбыс аз. Әр ғалым, әр басылым өзінше жазады. Сайып келгенде жазу мен оқуда бірізділік жоқ. Тіпті, қазақ тілін қазақ баласы акцентпен оқиды. Бұл біз үшін жетістік емес", - деді Ерден Задаұлы.

"Әліпби ауыстыруды жазу формасына айналдыру керек» тақырыбында баяндама оқыған Қазақ жазуын латын графикасы негізінде жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің айтуынша, бүгінгі қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек. Оның тек бір ғана әліпбиді ауыстырумен тынбайтынын, бұл үш мәселені қамтитындығын атады. "Үш мәселе - дыбыс, әліпби және емле-ереже. Дыбыс - өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы, әліпби сол дыбыстың қауызы басқаша айтқанда қорғаны мен оққағары. Емле-ереже - дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері. Біз өз әліпбиімізді қазақ тілді деп айта алмаймыз. Себебі ол қазақ-орыс алфавиті. Қазір көптеген ғалым өздерінің жобаларын ұсынуда. Кейбірі латын әліпбиі 26 таңбадан тұруы керек дейді ағылшындар мен француздардың тез әрі оңай жатталатын әліпбиін негізге алған ғалымдар. Қалай десек те рухымызды жаңғырту мақсатында тек қазаққа тән әліпбиді тездетіп қолданысқа шығарғанымыз жөн", - деп көрсеткен баяндамашы осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайтынын тілге тиек етті.

Ал "Әліпби категориясы" атты тақырыпта баяндама жасаған Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова ең алдымен "Қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру мәселелері" деп айтылып жүрген кейбір БАҚ өкілдеріне ескертпесін айтты. Оның айтуынша, дұрысы - "Қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру" деп мәлімдеп, өз ойын ортаға салды.

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбайұлы Елбасының "Жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу" деген сөзіне сүйене отырып, «Қазақтың ұлттық ен-таңбасының бірі - ұлттық жазуы" атты баяндаманы көпшілік назарына ұсынды. Ол өз сөзінде: «Біріншіден, орыс жазуына байланысты алғыс алған жартыкеш-жарамсақ емлесіз бен әліпбиіміздің ана тілімізге тигізген бүгінгі зардабын көре отырып, әлі де болса орыс жазуында қаламыз деудің енді реті келе қоймас. Тіптен, орыс жазуында қала қойғанның өзінде оған түбегейлі өзгерістер енгізу керек. Ал оған өзгеріс ендіреміз десек, оның дауы латынның дауынан да асып түсетініне еш күмән жоқ. Екіншіден, араға ғасырға жуық уақыт салып, араб әліпбиіне қайта оралып жатудың тағы жөні жоқ. Өйткені қазіргі ұрпақ үшін араб жазуы көп бейтаныс жазудың бірі ғана. Үшіншіден, латын жазуына қалай дегенде де әлеми ақпарат жетістігінің бірден-бір құралы болып қалды. Оның үстіне егер латынға қазақтың төл дыбыстарын баптап өте алсақ, қазіргі жазуымыздағы тіл бұзар, басы артық таңбалар мен емле-ережелер жол жөнекей өзінен өзі түсіп қалады. Жазуы реформасы дегеніміз - осы", - деп өз ойын түйіндеді.

Басқосуда ойларын ортаға салған елімізге білгілі саясаттанушылар Дос Көшім, Айдос Сарым латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесіне дем береді деді.

"Латын әліпбиі - заман талабы" деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттай алатынымызға кәміл сенуіміз керек. Сондықтан да, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Ұлт көшбасшысының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс істеу керек", - деді келелі жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети