Алматы облысында оқушы ата-аналарына жөндеу жұмыстарына жиналған ақша қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында оқушы ата-аналарына жөндеу жұмыстарына жиналған ақша қайтарылды Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы мектеп оқушылары ата-аналарының чатынан аудиожазба тарап жатыр. Онда әйел сыныпқа жөндеу жұмыстарына жиналып жатқан ақшаны тездетіп беруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аудиожазбамен қоса 11 адамның тізімі жарияланды, оған қарама-қарсы 2 мың теңге деп көрсетілген. Ал тізім үстінде "Ремонтқа 6 Ә сынып" деп тұр.

"Қыздар, жөндеу жұмыстарының ақшасы не болып кетті? Әлі жинамадыңдар ғой. 20-сы болды. Екі ай бұрын айтып отырғанмын. Қыздар кешікпей ақша салып жіберіңдер. Ертең ремонт басталғанда мен ақша таппай қалып отырмайыншы", - дейді аудиодағы әйел. 

Алайда Еңбекшіқазақ ауданының білім беру бөлімінің өкілдері мекемелерді жөндеуге қажетті құрылыс материалдары толығымен сатып алынып, мектептер бойынша таратылғанын хабарлады.

"Аудиожазбадағы 6 Б сыныбының ата-аналар комитеті өкілінің дауысы. Ата-аналар сынып жетекшісіне ескертпей № 19 кабинеттегі линолеумды ауыстыру үшін өздері ақша жинағаны анықталды. Қазіргі уақытта ата-аналар комитеті тарапынан 11 ата-анадан жиналған 22 000 теңге қайтарылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +34
Астана +34
Ақтау +29
Ақтөбе +32
Атырау +34
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +32
П
Павлодар +26
Петропавл +33
С
Семей +36
Т
Талдықорған +37
Тараз +41
Түркістан +27
О
Орал +31
Ө
Өскемен +40
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер