20 мамыр 2021 10:21

Алматы облысында шатқалға қоқыс төгіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы Көклайсай шатқалы тұрмыстық және құрылыс қалдықтарына толған. Қырғауылды ауылының тұрғындары мен жергілікті тұрғындар бір-бірін қоқыс үйіндісінің пайда болуына кінәлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Алматы облысындағы Көклайсай шатқалы тұрмыстық және құрылыс қалдықтарына толған. Қырғауылды ауылының тұрғындары мен жергілікті тұрғындар бір-бірін қоқыс үйіндісінің пайда болуына кінәлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

30 жыл бұрын Андрей Смирнов Қаскелең ауданында саяжай сатып алған. Жарты ғасырдан аса уақыт бойы бұл жерде екі саяжай және үш бау-бақша қоғамы бар: "Көклайсай", "Эдельвейс" және "Горный садовод". Андрей полигонға жақын маңға қоқыс төгілетінін байқаған.

"Бірнеше рет көлікпен кетіп бара жатып қоқыс тастағандарды көріп қуып жібергенбіз. Бірнеше жылдан бері тұрғындар осы жерді қоқыс алаңына айналдырып алды. Онда сол жерге қоқыс жәшіктерін қойып қою керек шығар. Жинау да оңай болады", - деді Андрей Смирнов.

Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдын Баякеевтің айтуынша, ауыл тұрғындарының бұған қатысы жоқ дейді. Олар екі жеке компаниямен қалдықтарды шығару туралы келісім жасаған, дейді шенеунік.

"Қоқыс жәшігін қою үшін саяжай болғаннан кейін бұл жерде жекеменшік фирмалар қызмет көрсетеді. Сонымен сол қаражатын бөлу керек. Төрағалармен сөйлессек "біз саяжайда тұратындардан қаражат жинай алмаймыз" дейді. Ақшасын төрағалар жинап берсе қоқыспен айналысатын мекемелер қоятын еді", - деді Айдын Баякеев.

Телеарнаның түсірілім тобы оқиға орнына келгенде, қоқыс тасталған жер болмаған.

Әкімдікте тәртіп бұзушылармен бейнебақылау камералары көмегімен күресуге бел буған. Олар жақында камера орнатуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети