30 наурыз 2017 15:46

Алматы облысында тіркеуі жоқ тұрғындарға 12 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Биыл үш ай ішінде Алматы облысының 2013 тұрғыны тіркеуі болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД Көші-қон басқармасының басшысы Елмұрат Нұрсейітов брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың 3 айында тұрақты тұрғылықты жері бойынша 72 710 адам тіркелген, олардың 87-сі электрондық үкімет порталы арқылы тіркелген. Ал уақытша тұрғылықты жер бойынша 52 020 адам тіркелген, олардың 632-сі электрондық үкімет порталы арқылы тіркелген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес, 2013 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 585-і - 492-баптың 1-бөлігі бойынша, 1427-сі - 492-баптың 2-бөлігі бойынша, біреуі 492-баптың 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Жалпы көлемі 12 031 076 теңге айыппұл салынды", - деді Нұрсейітов.

Сондай-ақ, 2016 жылы осы бап бойынша 1749 адамның жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Ведомстводағылардың мәліметінше, бүгінде масс-медиа арқылы ақпараттық жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети