22 наурыз 2023 19:51

Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні кең көлемде атап өтілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. Өңірдің түкпір-түкпірінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, халқымыздың тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. Өңірдің түкпір-түкпірінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, халқымыздың тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының орталығында Ұлыстың ұлы күнін тойлату ағаш отырғызу рәсімінен басталды.

Рәсімнің шымылдығы қариялардың ақ батасымен ашылып, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Облыс әкімі 1-шағын аудандағы 17-үйдің ауласына жасыл желек егіп, қазақтың 7 түрлі дәмі қойылған дастарханнан ауыз тиді. Бұл рәсімнен кейін орталық алаңда қалың көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ат басын тіреген Қарасай ауданында дәстүр, ұлттық құндылықтар, шебер қолдар секілді бірнеше тақырыптарға арналған қазақ үйлерді аралады. Әрқайсымен жеке танысқан өңір басшысы киіз үйдің бірінде қаскелеңдік сәбидің тұсауын кесті.

"Бұл мереке адамдардың ұлтына, дініне қарамай біріктіретін мейрам. Қарасай ауданы тарихы тереңде жатқан, көпұлтты ауданның бірі. Бүгінде мереке осындай деңгейде тойланып жатқанына қуаныштымын. Құрметті жерлестер, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!", - деді өңір басшысы.

Ал Жамбыл ауданының Көкбастау атшабарында өткен шараға 12 мың көрермен жиналды. Бүгін мұнда 3 тонна бауырсақ пісіріліп, 2 000 литр наурыз көже ішілді. Бұл жерде қазан-қазан наурыз көже жасалғаннан бөлек, тазы жарысы, Құнан және Аламан бәйге, көкпар өтті.

Ұлттық мереке мен ұлттық ойын ұлықталған шарада облыс әкімі Жамбыл ауданы тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети