09 маусым 2020 16:23

Алматы облысының әкімдігі шектеу шараларына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірде шектеу шараларын күшейту мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірде шектеу шараларын күшейту мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қапшағайда суға шомылу маусымын ашу және Талдықорғанда фонтондардың жабылуы Жетісу тұрғындары арасында қызу талқыланған болатын.

Облысы әкімі орынбасарының айтуынша, індет жұқтырғандар санының артуы және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты өңірдегі кейбір ауданда карантин талабы күшейген.

"Біріншіден, бұл шаралар аурудың өсуіне жол бермеу үшін тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолға алынды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қапшағайдағы демалыс аймағы санитарлық талапқа сай емес. Сондықтан ол әлі ашылуға дайын емес. Суға түсуге әлі ерте, суық тиіп қалуы мүмкін" - дейді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ, ол осы кезеңде ауа райының қолайсыздығына байланысты ЖРВИ белгілері бар COVID-19 науқастарының саны едәуір артқанын атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары тұрғындар карантин талаптарына немқұрайлы қарайтынын жеткізді.

"Жалпы аймақта індет жұқтырғандардың күн сайын өсіп жатыр. Бұл қарапайым карантин талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр. Қаладағы фонтандар жұмыс істейді. Бірақ біз онда балалар жүзбеуі үшін оларды қоршауға мәжбүр болдық. Фонтанда жүзуге рұқсат жоқ", - дейді 

Айта кетейік, суға шомылу маусымы 13 маусымда ресми түрде ашылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети