19 қыркүйек 2014 19:10

Алматы облысының жер картасы жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының жер картасы жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі аймақ басшысы Амандық Баталовқа сілтеме жасап.


Алматы облысының жер картасы жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі аймақ басшысы Амандық Баталовқа сілтеме жасап.

"Осыдан тура бір ай бұрын біздің аймаққа Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп кетті. Елбасының бұл сапары біз үшін аймақтағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді айқындап алуға мүмкіндік берді. Президент аймаққа атбасын тіреген уақытта кейбір мәселелер бойынша ескерту жасап, нақты тапсырма берген болатын. Күрмеуі көп мәселелердің қалай және қашан шешілетінін алғашқылардың бірі болып өздеріңіз естіп, біліп отырсыздар. Біз осы мәселелер бойынша нақты жоспар бекіттік", - деді ОКҚ-де өткен брифингте облыс басшысы Амандық Баталов.

Оның сөзіне қарағанда, аграрлық салада игерілмей жатқан жерлер кері қайтарылып, қайтадан ауылшаруашылығына пайдаланылуға берілетін болады.

"Дәл қазіргі уақытта Алматы маңында мемлекет қорындағы жерлер қалмады. Жер телімдерінің барлығы дерлік жекеменшік қолға өткеніне қарамастан, олардың басым көпшілігі өз деңгейінде қолданылып жатқан жоқ. Облыста 126 мың гектар жер мүлде пайдаланылып жатқан жоқ десек те болғандай. Оның 49 мың гектары суармалы жер. Игерілмей жатқан жерлердің нақты көлемін анықтау үшін біз жер картасын жасадық. Ол картаға жердің құнарлылығы, құрамы, жер иелерінің аты-жөні мен дәл қазіргі уақытта қандай мақсатта пайдаланылып жатқаны жөнінде мәлімет енгізілді", - деді Баталов.

Еске саламыз, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы тамыздың 19-ы күні Алматы облысына жасаған сапары барысында ауылшаруашылығы жерлерін ревизиялау керектігін тапсырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети